$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті

Мұрат Мұхтарұлы ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді.

Фото: Александр Павский/kazinform
Фото: Александр Павский/kazinform

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті, Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қоштасу рәсіміне министрлік пен әкімдік өкілдері, сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен қазақ зиялылары, марқұмның туған-туыстары қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының көңіл айту хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

“Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалым, бірінші дәрежелі Барыс орденінің иегері, дипломат Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Мұрат Мұхтарұлы ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын терең зерделеп, сонда өлшеусіз мұра қалдырды. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артуына өзінің саяси қоғамдық істерімен зор үлес қосты”, - делінген Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары