16.06.2024, 21:30

Оралда мал соятын орында жарылыс болып, 10 адам зардап шекті

Фото: pexels.com

Орал қаласында мал союға арналған орында газ баллоны жарылды.

Оқиға жергілікті базарлардың бірінде болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нақтыланған ақпарат бойынша, газ баллонының жарылуы салдарынан 10 адам, оның ішінде екі жасөспірім зардап шекті. Дәрігерлердің қарауынан кейін екі азамат үйлеріне жіберілді. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

«Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып саналады. Сақ болыңыздар!» - делінген хабарламада.