$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев бастаған «флэшмобқа» белгілі бизнесмен Арман Шораев та қосылды

Әйел арыз жазып, шағымданудан бас тартты.

Фото: www.instagram.com/arman_shorai_team
Фото: www.instagram.com/arman_shorai_team

Желіде тағы бір ер адамның әйелге әлімжеттік жасаған видеосы тарады. Бұл жолы оқиға Астана қаласының көшесінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Egovpress.kz телеграм каналында жарияланған бейнеден ер адамның әйелді шашынан сүйреп, ұрып жатқанын байқауға болады. Видео бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ақпараттық телеграм каналы бұл "батырдың" танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін, ал әйел оның азаматтық некедегі жары екенін жазды.

 

Әйел арыз жазып, шағымданудан бас тартты, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анық. Қуандық Бишімбаев бастаған флешмобқа мына кісі де қосылып кетіпті, - деп жазды egovpress.kz телеграм каналы.

Алайда Арман Шораев жасанды интелектінің  құрбаны болдым, видео жалған деп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары