18.06.2024, 00:30

Ішінде 2 бала болған: Тараз қаласында жеңіл көлік 4 метрлік шұңқырға түсіп кетті

Көліктегілердің барлығы жарақаттанған.

Тараз қаласының қақ ортасында жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Автокөлікте жүргізуші мен оның жұбайы және екі баласы болған. Шұңқырдың тереңдігі- төрт метр. Көліктегілердің барлығы жарақаттанған.

Жауаптылардың айтуынша, бұл жерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Арнайы белгі болған, бірақ қоршау қойылмаған. “Lexus” автокөлігінің жүргізушісі жол белгілеріне қарамай өтіп кеткен көрінеді.

Жайдарбек ҚҰТТЫБАЕВ, Облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Осы бойынша полиция қызметкерлері мен мердігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Және көлік жүргізушісіне жол белгілеріне қарамағаны себептерімен хаттама толтырылады