Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.
Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен жаңа редакцияда Кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
Тізімге қосылды:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір; Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр; Ветеринарлар күні – 10 шілде; Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі; Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан; Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.Сонымен қатар, бұрынғыдай мерекелер тізіміне мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан күні – 10 қаңтар; Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні – 1 ақпан; Ұлттық баспа күні – 2 ақпан; жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі; Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі; Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір; Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр; Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр; Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі; Эколог күні – 5 маусым; Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні – 7 маусым; Әскери қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың арнайы күштері қызметкерлерінің күні – 9 маусым; Полиция күні – 23 маусым; Мемлекеттік қызметшілер күні – 23 маусым; Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні – 24 маусым; Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі; Малшылар күні – маусым айының екінші жексенбісі; Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі; БАҚ күні – 28 маусым; Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде; Су қызметкерлері күні – 9 шілде; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары күні – 13 шілде; Нотариус күні – 14 шілде; Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – шілденің екінші жексенбісі; Металлургтер күні – шілденің үшінші жексенбісі; Сауда қызметкерлерінің күні – шілденің төртінші жексенбісі; Көлік қызметкерлерінің күні – тамыз айының бірінші жексенбісі; Құрылысшылар күні – тамыз айының екінші жексенбісі; Шекарашылар күні – 18 тамыз; Шахтер күні – тамыз айының соңғы жексенбісі; Мұнай және газ саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйек айының бірінші жексенбісі; Атом саласы қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек; Әділет қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек; Инженер-механик күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі; Радио күні – 1 қазан; Мұғалімдер күні – 5 қазан; Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан; Қазақстан кәсіподақтары күні – 10 қазан; Құтқарушылар күні – 19 қазан; Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қазан айының үшінші жексенбісі; Кітапханашылар күні – 24 қазан; Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі; Күзет қызметкерлері күні – 29 қазан; Сыртқы барлау күні – 5 қараша; Статистика күні – 8 қараша; Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні – 10 қараша; Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні – 15 қараша; Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі; Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі; Адвокатура күні – 5 желтоқсан; Прокурор күні – 6 желтоқсан; Энергетиктер күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні – 20 желтоқсан; Мұрағатшылар күні – 22 желтоқсан.Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.