$ 481.84  531.33  5.07

Төтенше жағдайлар министрі қолына қанша мыңның сағатын тағады

Қазақстанда жалақының аздығына налыған құтқарушылар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада мәлімдеме жасаған.

Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов журналистердің сұрағына жауап беруден қашқақтап, қолындағы сағатының неше теңге екенін айтпай қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сұрақ қойған журналистің айтуынша, Қазақстанда жалақының аздығына налыған құтқарушылар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада мәлімдеме жасаған. Осыған байланысты «сағатыңыздың құны неше теңге?» деген нақты сұраққа Шыңғыс Әрінов нақты жауап бере алған жоқ, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Сағатымның құны 2 млн теңге емес...сыйлыққа алғамын, қарапайым сағат. Неше теңге тұратынын білмеймін, бірақ, нақты 2 млн теңге емес», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары