18.06.2024, 15:20

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің рақымшылық жасау туралы өтініш бергенін растады

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Қазір ҰҚК-нің экс-басшысы Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің оған рақымшылық жасау туралы өтініші туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Комитет мәліметінше, рақымшылық туралы өтініш 2024 жылдың наурыз айында келген:

«Біз К.Мәсімовтің 2024 жылдың наурыз айында рақымшылық жасау туралы өтініші түскенін растаймыз», - делінген ҰҚК-ның Zakon.kz сауалына берген жауабында.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің берген мәліметіне сай, мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған Мәсімовке қатысты ҚК 218 бабының 3 тармағының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын (Ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және/немесе өзге де мүлікті заңдастыру/жылыстату) және ҚР ҚК 366 (Пара алу) бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ҰҚК-нің экс-басшысы Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында отыр.