19.06.2024, 06:30

«Жабайылыққа үйретуде»: Тойда афроамерикалықтар кішкентай баланы таққа отырғызып алып шыққан (ВИДЕО)

Фото: Видеодан кадр

Біздің қоғамда мақтанамыз деп шеттен шығып жатқандар бар.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көрініп тұрғандай, туған күнінде сүндет тойын өткізген баланы таққа отырғызып, төрт афроамерикалық көтеріп шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодағы мұндай әрекетті көпшілік жабайылық деп танып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Мұндайды қалай ойлап табуға болады. Істемейтіндері жоқ. Ұят екен. Білім болмағанда, мақтану мен ақша шашу ғана қалады. Жабайылық. Біздің қоғамда мақтанамыз деп шеттен шығып жатқандар бар», - деп жазған олар. 

Кейбір пікір қалдырушылар бұл афроамерикалықтардың нәпақа табу әдісі, өздері бұл қызметке келіскендерін жазған.