Тіпті оның жасырыну ниеті болмаған.
16 маусым күні кешке Павлодарда ер адам екінші бір адамды көршілерінің көзінше бауыздап өлтірген еді. Жәбірленушіні пышақпен тамағынан кесіп өлтірген ер адам жасырынуды да ойламаған. Оқиға куәгерлері қылмыстың себебін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тағы бір павлодарлықтың қазасы осыдан екі жыл бұрын дәл осы жерде болған.
16 маусымда қаза болған ер адам 2022 жылдың мамыр айында танысымен бір үйде тұрған. Ол танысын абайсызда итеріп жіберіп, өлтіріп қойған. Ол осы қылмысы үшін 1,5 жыл түрмеде отырған.
Оқиға екі жыл бұрын болған. Ер адамдар ішімдік ішіп отырған, ол абайсызда бір адамды итеріп жіберіп, қайтыс болған. Ал 16 маусым күні марқұмды бауыздаған адам "Жұманың кегін алдым" деп айтты деді, – күдіктінің көршісі.
Екі жыл бұрын жәбірленуші ауруханаға түсіп, бірнеше аптадан кейін, 16 маусымда қайтыс болғаны белгілі болды.
Павлодар тұрғынын өлтірді деген күдіктіні полицейлер ұстады. Тіпті оның жасырыну ниеті болмаған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, Желіде Павлодардағы бір үйдің ауласында кісі өлтірілгені түсірілген видео тараған еді. Кадрлардан ер адамның белгісіз себеппен басқа бір адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тамағын кескенін байқаймыз. Кейіннеен Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлаған болатын.