$ 479.38  531.63  5.27

Алматыда университет аумағында жас жігіт көз жұмды (ВИДЕО)

Көз жұмған жігіт аталған оқу орнының студенті емес.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақта шомылғысы келген жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға куәгерлерінің сөзінше, жігіт субұрқақтың жанында тұрған. Кенеттен құлап түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, марқұм ҰБТ тапсырған 17 жастағы жасөспірім.

Ал университеттің баспасөз қызметінен "қаза болған жігіт аталған оқу орнының студенті емес" деп мәлімдеді.

"Өлімнің алдын ала себебі – жүректің тоқтауы. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары