$ 494.87  520.65  4.91

Жетісайда көршісіне қарыз сұрауға барған әйел ешкім күтпеген қылмыс жасаған

Қазір тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Жетісайлық полицейлер жедел іздестіру іс-шарасы барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Күдікті әйел күндізгі уақытта көршісінің үйіне қарызға ақша сұрауға барған. Алайда үйдің есігі құлыптанбағанын, оның үстіне үй иесі жоғын байқап, жатын бөлмесіндегі шкафта тұрған бірнеше алтынды қолды еткен.

Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге жуық шығын келтірген. Содан соң ұрланған алтындарды өз қажетіне жұмсаған, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары