20.06.2024, 11:20

«Енем қинап орамал таққызды»: Келіншек тұрмыстағы өмірде көрген қиындығын айтты

Фото: freepik.com

Онлайн жұмысқа да рұқсат бермейді. Енемнің ойынша, көп бала туып, үйдің тірлігін істеп отыруым керек.

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға келген хаттың бірінде келіншек қиын тағдырын баяндаған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Келіншек адвокатқа енесінен қорлық көріп жүргенін жазған.

"Тұрмысқа шыққаныма 6 жыл. 2 балам бар. Енеммен болмашы затқа күнде қырыламыз. Жұмыстан да шығарып алды. Онлайн жұмысқа да рұқсат бермейді. Енемнің ойынша, көп бала туып, үйдің тірлігін істеп отыруым керек. Менің ата-анам бірге көтерілген адамдар. Ал бұл отбасының әдебі басқаша", - делінген хатта.

Келіншек орамал тағуға мәжбүрлегенін де жазған.

"Мен бұлар секілді дінді қатты ұстанатын отбасыдан шықпадым. Қырылып жүріп орамал да таққызды", - дейді келіншек.