$ 494.87  520.65  4.91

«60-қа келген шалдар шорты киіп жүреді»: Мәжіліс депутаты етегі қысқа еркектерді сынады

Келін бар, немерелері бар.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қазіргі қоғамда үлкен талқылауда тұрған діни киімге қатысты айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Abay Live бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық мәселе болып тұрған діни киімге тыйым салына ма?, деген сауалға мәжіліс депутаты төмендегідей жауап берді. 

"Орамал тағу ата-бабаларымыздан бар нәрсе. Орамал тағып, ұзын етек киіп жүру деген. Біздің шешелеріміз жалаңбас емес. Хиджаб, никаб кию біздің дәстүрімізде жоқ нәрсе. Хиджаб демей, орамал деп айтса жетеді ғой. Өзбекстан, Түркменстанның қыздар тақияларын киіп алады, тым жақсы етіп. Бізде де кисе болады. Тек өз қалауымен, өз жүрегімен қалауы керек", деді ол.

Сонымен қатар, қазіргі таңда замануи деп киім үлгіні де киіну мәдениетін тілге тиек етті.

"Мен түсінбеймін, 60-қа келген шалдар шорты киіп жүреді. Ерсі ғой. Мысалы, мына кісі шортик пен футболкамен отырса, ерсі ғой, ұят емес пе? Келін бар, немерелері бар. Ол — мәдениет жалпы айтқанда. Біз орамалды айтпай-ақ қояйықшы. Ер адамдарды айтайық. Адам деген жан-жағына қарау керек еді", деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары