21.06.2024, 12:40

Қазақстандықтар Астана күніне орай демала ма?

Фото: Zakon.kz

6 шілде мемлекеттік мереке болып саналады.

2024 жылдың шілде айында барлық қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалыс ала алмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана күніне байланысты келесі айда 5 күн жұмыс істейтіндерге барлығы 9 күн демалыс болады. Ал 6 күн жұмыс істейтіндер Астана күніне орай қосымша демалмайды.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы мереке және демалыс күндері күнтізбесіне сәйкес, Астана күніне орай 2024 жылғы шілдедегі мереке 6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылды.

 

Яғни, 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар сенбі, жексенбі күні демалады, ал 5 күн жұмыс істейтіндер сенбі, жексенбі және дүйсенбі демалады.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес 6 шілде Астана күні мемлекеттік мереке болып саналады.