$ 479.23  534.96  5.16

ЛГБТ-ға қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобында ЛГБТ тобының құрушысы да бар

Жария тыңдаулардың өту тәртібі анықталды. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса кіреді.

Сондай-ақ арыз иесі Бағила Балтабаева, қоғам қайраткерлері Айнұр Жүгінісова, Мақсұтбек Айтмағанбет, Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, сарапшылар Халида Әжіғұлова, Виктория Примак, БАҚ өкілдері және е-өтініш порталы арқылы жұмыс тобына енуге өтініш білдірген азаматтар кірді.

Отырыста петиция бастамашылары мен жұмыс тобы мүшелерінің ұстанымдары тыңдалды, сондай-ақ жұмыс жоспары мен жария тыңдаулардың өту тәртібі анықталды.

Берілген тізімде қоғам қайраткері деп көрсетілген Жанар Секербекова "Feminita" атты  Қазақстандағы ЛГБТ тобының негізін құрушы. Оның Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында ЛГБТ жалауын көтерген суреті кезінде қоғамды дүрліктірген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ЛГБТ