22.06.2024, 16:30

Астананың қақ ортасындағы көпқабатты тұрғынүй отқа оранды

Фото: видеодан кадр

Сондай-ақ желідегі “Қазақмыс” ғимаратының өртенгені туралы ақпарат жалған болып шықты. 

Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан түтін  ғимаратты толығымен тұмшалағанын байқауға болады. Ал төтенше жағдайлар министрлігі қазір өртті ауыздау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

“Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ желідегі “Қазақмыс” ғимаратының өртенгені туралы ақпарат жалған болып шықты.