Қария өмірінің соңғы жылдарында вегетативті күйде болған әрі екі жыл бұрын атақты ұлының бақилық болғанынан да хабарсыз.
21 маусымда аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің 101 жасқа келген анасы Селеста Арантес дүниеден озды. Ол бір апта бұрын ауруханаға түскен. Қария өмірінің соңғы жылдарында вегетативті күйде болған әрі екі жыл бұрын атақты ұлының бақилық болғанынан да хабарсыз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Біздің ішіміз алай-түлей, баласы еркелетіп айтатын Селестина туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізді ауыртты. Осы күнге дейін бар болып, ортамызда жүргені үшін оған шексіз ризамыз. Дона Селеста - патшайым ана, оны әрдайым жүрегімізде ұстап, жадымызда сүйіспеншілікпен мәңгіге сақтаймыз. - Пеле қорының мәлімдемесіПеле мансабының көп бөлігін өткерген "Сантоc" клубы мен оның жанкүйерлері де футбол патшасының анасының қайтыс болуын зор өкінішпен қабылдағандарын айтады.
Эдсон Арантес ду Насименту, яғни әлемге әйгілі Пеле - Селеста Арантестің үш баласының бірі. Бастапқыда ол ұлының кәсіби футболмен айналысуына қарсы болды, бірақ уақыт өте келе ол өз көзқарасын біртіндеп өзгертті. Пеленің өзі 2022 жылы 29 желтоқсанда қайтыс болды.