22.06.2024, 23:30

Бурабайда 14 бала тамақтан уланып қалды

Фото: Pixabay

Бүкіл 14 баладан сынама алынған.

Бурабай ауданына демалуға келген 14 бала улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Авиценна — Бурабай» ЖШС директоры Евгений Бекаевтың мәліметінше, 22 маусым күні сағат 01.00-ден таңғы 06.15-ке дейін 8-17 жас аралығындағы 14 бала аурухананың қабылдау бөлмесіне жүгінген. 

21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген: қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т. б.) улану белгілері пайда болған.

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілді.

12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды.

Бүкіл 14 баладан сынама алынды. Сондай-ақ, құсуға қарсы инъекция мен спазмолитик  берілді.

Дәрігерлер улану дерегі бойынша шұғыл хабарламаны Бурабай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. 

Ендігі кезекте санитарлық дәрігерлер тексеруі керек.