23.06.2024, 02:30

Қазақстандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды

Фото: Pixabay

Айта кетейік, биыл байқауға 105 ел мен аймақтан 3,7 мыңнан астам өтінім түскен. 

Шанхайда 26-шы халықаралық Шанхай кинофестивалінің (SIFF) «Алтын кубогымен» марапаттау рәсімінде қазақстандық фильм үздік деп танылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кинофестиваль қорытындысында «Үздік фильм» номинациясын қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі жеңіп алды. Аталмыш кинода басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік актриса деп танылды.

Айта кетейік, биыл байқауға 105 ел мен аймақтан 3,7 мыңнан астам өтінім түскен. Іріктеу процесінің қорытындысы бойынша 29 ел мен аймақтан 50 фильм бес номинация бойынша «Алтын кубок» жүлдесін алу үшін таңдалды, оның 38-і әлемдік премьера болды.

«Толық метражды көркем фильмдер» аталымы бойынша бас жүлдеге 14 фильм, оның ішінде қазақстандық «Талақ» фильмі де бақ сынады.