23.06.2024, 10:30

Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Фото: gov.kz

Еске сала кетейік, 23 маусым - Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні. 

Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске сала кетейік, 23 маусым - Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні.