$ 480.63  535.13  5.27

Криштиану Роналду тағы бірнеше рекорд орнатты (ВИДЕО)

Роналду Еуропа чемпионатындағы ойын, матч және гол саны бойынша бірінші орында тұр.

Фото: @Euro2024
Фото: @Euro2024

Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Еуропа чемпионатында допты голға шығару саны бойынша бірінші орында тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Топтық кезеңнің екінші турында Түркия құрамасына қарсы ойында (3:0) Роналду Еуропа чемпионатында сегізінші рет қарсыластың қақпасына гол кіргізген допты шығаруды сәтті орындап, чех Карел Поборскиден асып түсті.

Роналду Еуропа чемпионатындағы ойын, матч және гол саны бойынша бірінші орында тұр. Ол Португалияда өткен Еуро-2004 ойындарында алғаш рет өнер көрсетті және содан бері бірде-бір турнирді жіберген жоқ. Форвард 2016 жылы турнирдің жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары