24.06.2024, 04:30

Әлеуметтік желіде балаларды емдеуге үнемі қаражат жиналады: «Қазақстан халқы» қоры неге көмектеспейді?

Фото: Pixabay

Ең алдымен балаларға көмек көрсету басты мақсаттарының бірі.

«Қазақстан халқына» қорына 2024 жылдың 1 маусымда жағдайы бойынша 248 763 402 597,65 теңге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды.

Қор қызметінің негізгі мақсаттарының бірі – денсаулық сақтау бағытында халыққа көмек беру.

Халықтың келесі санаттары Қордан бірінші кезекте көмек алады:

Ауыр, сирек кездесетін аурулары мен мүгедектігі бар балалар Қиын жағдайдағы балалар Жетімдер Болашақта аурулар мен мүгедектіктің даму қаупі бар нәрестелер Өмір сүру жағдайлары ең төменгі табыс пен тұрғын үй стандарттарына сәйкес келмей, өміріне қауіп төнетін балалары бар отбасылар

Байқап отырғанымыздай қордың негізгі бағыттарының бірі денсаулық болса, сол денсаулық бағытында ең алдымен балаларға қайырымдылық көмек көрсету басты мақсаттарының бірі.

Десе де әлеуметтік желіде болсын, көшеде, автобустарда ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек ретінде қаржы жинап жүргендердің қарасы көп.

Осы ретте «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев неліктен қазақстандықтар арнайы қор болғанымен, әлеуметтік желілерде балаларды емдеуге қаражат жинау жалғастыруда деген сұраққа жауап берді.

«Елімізде қымбат емге мұқтаж балалар әлі де көп. Ал әлеуметтік желілерде балаларды емдеуге ақша жинайтындар азайған емес. Әлеуметтік желілердегі халық қол жайып ақша сұрамау үшін осындай қор құрылған жоқ па? Неге жағдай өзгермейді?» – деп сұрады журналист брифинг барысында.

Сұраққа жауап берген Болат Жәмішев  бағдарлама аясында сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастарды емдеуге және дәрі-дәрмек сатып алуға 30 миллиард теңге қарастырылғанын айтты.

Оның айтуынша бүгінде қор мемлекет сатып алмайтын 33 дәріні сатып алады.

Бізде дәрі-дәрмекке мұқтаж адамдардың тізімі бар. Өткен жылы жеткізушілермен келісімшарт жасадық. Өткен жылы бұл жеткізушілерді елшілік арқылы шетелден іздестіру қиын болды. Биыл балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Біз балаларды шетелге жібереміз, қатерлі ісікке шалдыққан балаларды шетелге жіберу критерийлерін кеңейттік. Елімізде ай сайын бірнеше бала шетелге емделуге кетеді. Бүгінде біз 245  баланы (2023 жылғы көрсеткіш) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудеміз. Жыл соңына дейін бала саны артатыны сөзсіз, — деп түсіндірді Болат Жәмішев.

Еске салсақ, «Қазақстан халқына» қоры ауыр сырқаттары бар науқастарды елімізде тіркелмеген және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға, сондай-ақ ұлттық емдеу хаттамаларына енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз ету міндеттемесін алған. Бүгінгі таңда қор жасалған келісімшарттар немесе келіссөздер жүргізу аясында 124 емделушіні өмірлік маңызды препараттармен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып отыр. Сондай-ақ қор 12 емделушіні шетелдік клиникаларға (Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Израиль) жіберіп, мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетіп жатыр (сандық деректер 2023 жылғы көрсеткіштер – ред.).

Азаматтардан Қорға шетелдік емханаларда емделуге ақы төлеу үшін көмек көрсету туралы өтініштердің көптігі себебінен Қор біздің елімізде көрсетілмеген, ал шетелдік клиникаға жолдама алу мүмкін болмаған жағдайларда көмек беру туралы шешім қабылдады, себебі сұралған төлем шарттары қазақстандық заңнамаға сәйкес келмейді. Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігі Қорға емхананы таңдауда және емдеу бағдарламасын негіздеуде жәрдемдеседі. Өзге жағдайларда өтінімдер қанағаттандырылмайды.

Қордың ресми сайтында іс жүзінде қайырымдылық бағдарламалары мен жобалары бойынша 120 139 994,4 мың тенге төленді деп көрсетілген.

«Қазақстан Халқына» Қоры шын мәнінде Қазақстан халқының мүддесіне қызмет етіп жатыр  ма және ол өз ресурсында жазылғандай халықтың бүкіл топтарына көмектесіп, елдегі ең әлсіз және қорғансыз азаматтарға жаңа өмірге қол жеткізуге, тіпті кей жағдайда аман қалуға мүмкіндік бере ме?  Штатында 26 қызметкері бар Қордың түскен қаржыға сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді қандай ресурста, қандай тәртіппен сатып алатыны әзірге беймәлім. Ал, Қазақстан халқының Қор жұмысының ашықтығы мен есептілігін талап етуі әбден заңды.