$ 494.87  520.65  4.91

«Халықты тоздырып бітті»: Айгүл Орынбек Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)

Жоғарыда отырған басшылар жәй ғана бір-біріне хаттарды лақтырумен отыр.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғаушының айтуынша, қазіргі кезде оңтүстік өңірде қылмыстық істерді шешу «ашық сауда базарын айналған.

«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев!

Оңтүстікте  қылмыстық істер ашық сауда базарына айналған. Үй қамаққа шығу үшін 5 000 000 теңге дейін ставкасы бар. Ауыр баптан жеңілге түсіру үшін 5 000 000-3 000 000 теңге аралығында. Прокуратураның әрекетсіздігі, тергеу сотының әлсіздігі халықты тоздырып бітті. Әділетті Қазақстаннан  елдің үміті сөніп барады! Жоғарыда отырған басшылар жәй ғана бір-біріне хаттарды лақтырумен отыр. Естуші мемлекет халық үнін естімей отыр!», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары