Жоғарыда отырған басшылар жәй ғана бір-біріне хаттарды лақтырумен отыр.
Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құқық қорғаушының айтуынша, қазіргі кезде оңтүстік өңірде қылмыстық істерді шешу «ашық сауда базарын айналған.
«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев!
Оңтүстікте қылмыстық істер ашық сауда базарына айналған. Үй қамаққа шығу үшін 5 000 000 теңге дейін ставкасы бар. Ауыр баптан жеңілге түсіру үшін 5 000 000-3 000 000 теңге аралығында. Прокуратураның әрекетсіздігі, тергеу сотының әлсіздігі халықты тоздырып бітті. Әділетті Қазақстаннан елдің үміті сөніп барады! Жоғарыда отырған басшылар жәй ғана бір-біріне хаттарды лақтырумен отыр. Естуші мемлекет халық үнін естімей отыр!», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.