$ 494.87  520.65  4.91

«Қазтелерадио» қазақстандықтарға алаяқтарға қатысты ескерту жасады

Басшылардың атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

«Қазтелерадио» АҚ қазақстандықтарға компания атынан хат жазып, телефон шалатын алаяқтардың жиілеп кеткенін айтып, ескерту жасады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтық фактілері жайлы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

«Қазтелерадио» АҚ басшылығы немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың жұмыскерлерінің атынан белгісіз нөмірлерден соғылатын қоңыраулар мен белгісіз сайттардан келетін хабарламалар жиілеп кетті. Компанияның барлық жұмыскері мен серіктесін қырағылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз. Басшылардың атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз. «Қазтелерадио» АҚ басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (министрліктің) жұмыскерлерінен келіп түсуі мүмкін сұрау салулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе ақшалай қаражатты олардың өзіңізге белгілі нөмірлері арқылы жеке әңгімелесу барысында алдын ала келісіп алмай, жібермеңіз», - деп жазылған компанияның ресми сайтында.

Компания осындай хабарламалар мен қоңыраулар алған жағдайда нөмірді бұғаттауды және бұл туралы Қауіпсіздік қызметіне 8 (727) 2444500 нөмірі арқылы хабарлауды сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары