25.06.2024, 13:40

«Үйіне дейін аңдып, денесіне қол жүгірткен»: Астана көшелерінің бірінде ер адам қызға тиіскен (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Ер адамның қызға тиіскен сәті видеоға түсіп қалған.   

Әлеуметтік желіде тараған тағы бір видеода ер адам Астананың Мұхамедханов көшесінде таңертең ерте спортпен айналысып жүрген бойжеткенге тиіскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жәбірленушінің айтуынша, ол таңертең жүгіруге шыққан, жүрігіп жүріп артынан ер адамның дауысын естіген. Бейтаныс жігіт қызға такси қызметін ұсыныпты. Бойжеткен ұсыныстан бас тартқан соң ер адам қызға тиісе бастаған. 

Полиция ер адамның ұсталғанын мәлімдеді. 

"Осы фактіге байланысты ер адам анықталып, соттың шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.