$ 494.87  520.65  4.91

«Хайп қуалағандардың сұрағы»: Қанат Бозымбаев журналистің сұрағын жақтыртпай қалды

"Келесі жылы су тасқыны болса, жұмыстан кетесіз бе?" деген не сөз?

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа журналистер тарапынан келесі жылы тағы да су тасқыны болса, онда отставкаға кетуге дайын ба деген сұрақ қойылды. Бозымбаев сұрақ дұрыс болғанда ғана, дұрыс жауап беретінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Қандай сұрақ қойылса, сондай жауап аласыздар. Сұрақты дұрыстап қойсаңыздар, мен де дұрыстап жауап беремін. Хайп қуалаған сұрақ. "Келесі жылы су тасқыны болса, жұмыстан кетесіз бе?" деген не сөз? Келесі жылы ауа температурасы қандай болатыны, жауын-шашынның қандай боларын кім болжай алады? Мұндай болжам жоқ. Болды. Оны ешкім айта алмайды.

Мен ұзақ жыл үкіметте жұмыс істеп, талай журналистермен араластым. Тақырып бойынша сапалы сұрақтар қойыңыздар, хайп қуалаған сұрақтарыңызға лайықты жауабын аласыздар", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары