$ 473.15  515.12  5.4

Қазақстандықтар әйгілі кубалық боксшыға шапан жапты

Жарысты ұйымдастырушылар Рубалкабаға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен шапан кигізді.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Елімізге арнайы шақырылған әйгілі кубалық боксшы Алексис Рубалкабаға қазақстандықтар шапан жауып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алексис Рубалкаба Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың құрметіне орай Түркістан облысында өтіп жатқан жастар арасындағы халықаралық бокс турниріне құрметті қонақ ретінде шақырылған. Жарысты ұйымдастырушылар Рубалкабаға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен шапан кигізді.

Түркістан облысы спорт басқармасының мәліметінше, бокс турниріне Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан мемлекеттерінен спортшылар қатысып жатыр. Осы бәсекеде топ жарған қазақстандық боксшылар ұлттық құрамаға шақыртылып, Хорватияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Еске салсақ, Алексис Рубалкаба 2000 жылы Сиднейде (Аустралия) өткен жазғы Олимпиада ойындарында Мұхтархан Ділдәбековтен жеңілген. Екі боксшы араға 24 жыл салып қайта кездесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары