25.06.2024, 21:30

Прокуратура Алматыда аттракционнан құлаған әйелдің өліміне қатысты іс қозғады

Фото: pixabay

Қазіргі уақытта деректі тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қыздың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта деректі тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 маусым күні саябақта болған.