$ 471.46  504.79  5.53

Бүгін ауа райы қалай болады?

Түркістан облысынының батысында және шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан территориясы арқылы жылжи отырып, найзағаймен жаңбыр, еліміздің батысында қатты жаңбыр алып келеді. Тек республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көбінесе жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі.

Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысынының батысында және шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау, Алматы облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары