26.06.2024, 11:20

Бишімбаевтың аппеляциялық соты тікелей эфирде жүріп жатыр

Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығы артқанын ескерген.

ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 26 маусымда сағат 10:00-де басталды.

 Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ және “Хабар” агенттігінің YouTube-арнасынан мына сілтеме арқылы көре аласыздар:

https://www.youtube.com/live/PJB2f0T1oas?si=njBQjWRxH_GDZAOT.