Бұл ретте мемлекеттік айыптаушыға ауызша ескерту жазылмаған.
Бүгін, 26 маусымда Астанада Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысы барысында Бишімбаевтың тағы бір қорғаушысы Лейла Рамазанова сөйледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-министрдің қорғаушысы судья Айжан Құлбаеваның атышулы істі қарауға бейтарап көзқарас танытқанын алға тартты.
«Сот бәсекелестік, бейтараптық және объективтілік қағидасын бұзды, судья 9 сәуірде қорғаушы тарапқа, атап айтқанда, Ерлан Ғазымжановқа қатысты 45 ескерту жасады, бұл ретте мемлекеттік айыптаушыға ауызша ескерту жазылмаған», – деді адвокат.
Айта кетейік, Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы бүгін, 2024 жылы 26 маусымда сағат 14:30-дан бері қайта жалғасуда.
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/live/PgJF2lbMC4Q?si=7ofL2zKgRgBShvTz.