$ 495.2  522.34  4.94

«Ол білместіктен жасады»: Садыр Жапаров халықтан кешірім сұрады

Ел басшыларының туыстары мен жақындары басқаларға үлгі болуы керек.

Фото: kg.kabar.kg
Фото: kg.kabar.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиен қарындасы үшін барша халықтан кешірім сұрады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Садыр Жапаровтың қарындасы Лаззат Нұрқожаеваға сүйіктісі сөз салған видео жарияланды.

24 маусым күні Оруу-Сай шатқалында президенттің жиен қарындасына тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасалған. Ол жерге президенттің жиені сүйіктісімен Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен ұшқан. Аталмыш оқиға қырғыз халқының наразылығын тудырды.

«Ел басшыларының туыстары мен жақындары басқаларға үлгі болуы керек, әркімнің тікұшақ жалдауға мүмкіндігі бола бермейді. Бұл үшін ТЖМ тікұшақтары сатып алынды ма? Президент ысырапшылдықты тоқтату керектігін айтты», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Садыр Жапаров «Кабарға» берген сұхбатында оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Расында ел билігінің туыстары өзгелерге үлгі болуы тиіс. Ысырапшылдықты қою керегін бірнеше рет айтқан болатынмын. Тым болмаса болашақ күйеу баламыз мені де, өзін де қиын жағдайға түсірмес бұрын бұл ойды қолдауы керегі еді. Менің ойымша, ол жастық білместіктен жасады», - деді президент.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары