$ 479.23  534.96  5.16

Бір адам қаза тауып, 16 адам зардап шеккен: Алматыда автобус апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Жол апаты Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болған.

Фото: kriminal_kazakhstan
Фото: kriminal_kazakhstan

Алматыда 14:20-да жолаушылары бар қоғамдық автобус апатқа ұшырады. Желіде оқиғаның видеосы таралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеодан авобустың жолдан шығып кетіп, дүкенге соғылғанын көруге болады.

Жол апаты Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, КIA көлігінің жүргізушісі автобуспен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында бір адам қаза тауып, 16 адам медициналық көмекке жүгінген. 

Алматы полициясы апат туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары