$ 498.34  519.72  4.85

Германияда көз жұмған экс-судьяның денесі елге жеткізіледі

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеді.

Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі Қазақстанға жөнелтуге дайындалуда. Бұл туралы марқұмның ағасы Жанат Сайлыбаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қазір Германияда жүргенін және Айгүл Сайлыбаеваны туған елінде жерлеу үшін денесін Алматыға жөнелту мәселесімен айналысып жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуімен, қызымен және қайын енесімен бірге тұрды.

4 маусым күні таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарады. Содан бері оны ешкім көрмеген. Арада 12 күн өткенде оның денесі қаланың шетінен пластикалық қапшыққа салынған күйі табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары