27.06.2024, 11:40

Еуро-2024: Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар белгілі болды

Фото: foxsports.com

1/8 финал 29 маусымда басталады.

Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінің 1/8 финал қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне 16 команда шықты.

Өз топтарының жеңімпаздары: Германия, Испания, Англия, Австрия, Румыния және Португалия.

Екінші орын алғандар: Швейцария, Италия, Дания, Франция, Бельгия және Түркия.

Үшінші орын алғандардың ішінде үздіктер: Нидерланды, Грузия, Словакия және Словения.

Ал Венгрия, Шотландия, Хорватия, Албания, Сербия, Польша, Украина және Чехия жеңіліп қалды.

1/8 финал 29 маусымда басталады.

Жақында кім-кіммен ойнайтыны айтылды:

Швейцария - Италия (Берлин) Германия - Дания (Дортмунд) Англия - Словакия (Гельзенкирхен) Испания - Грузия (Кельн) Франция - Бельгия (Дюссельдорф) Португалия - Словения (Франкфурт-на-Майн) Румыния - Нидерланды (Мюнхен) Австрия - Түркия (Лейпциг).