$ 495.2  522.34  4.94

Шетелге бес жыл шыға алмайды: Қазақстанда банкрот деп тану ережелері өзгертілмек

Енді сома айлық есептік көрсеткіштен аз болса, банкрот деп танылуы мүмкін.

Фото: el.kz Авторы Нұркен Әлішер
Фото: el.kz Авторы Нұркен Әлішер

Қаржы вице-министрі Қазақстанда 6000 адам банкроттыққа өтініш берсе, соның 102-сі банкрот деп танылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Көптеген борышкерлер критерийлерге сәйкес келмеген.  Кейбірінің қарызы 600 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, басқалары қарыз сомасын қате көрсеткен.

Барлық процедураны жеңілдету үшін ережелерге бірқатар өзгерістер енгізіледі. Бұрын борышкерлер несие берушімен берешекті өтеу туралы құжатты өтінішке қоса беру қажет еді. Енді мамандар несиелік бюродан барлық ақпаратты алатындықтан, қазақстандықтарға қарыздың нақты сомасын енгізудің қажеті болмайды.

Сонымен қатар қаржы ұйымдарының тізімдері көбейді. Енді өтініш беру кезінде азаматтардың берешегін аудару немесе коллекторлық ұйымдардың қандай да бір шаралар қолдануы бойынша барлық әрекеттер тоқтатылады. Сондай-ақ төлем қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін бес жыл шетелге шығуға тыйым салынды. Қазір бұл шара оңалту жоспары бекітілгенше жүргізіліп жатыр.

12 ай ішінде төлемеу, өте аз сомманың төленбей қалуы, мысалы кейде 100-200 теңге болады. Ақша түсіп отырады және ол қарызды төледі деп есептеледі, сол үшін банкроттыққа арыз бере алмайды. Бұл мәселе қарастырылды. Енді сома айлық есептік көрсеткіштен аз болса, банкрот деп танылуы мүмкін, – деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары