$ 494.87  520.65  4.91

Оралда оқ жарақатын алған 21 жастағы полицей көз жұмды

Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған.

Фото: Primeminster.kz
Фото: Primeminster.kz

Бұған дейін БҚО полиция департаментінің ғимаратында 21 жастағы полицей байқаусызда өзіне оқ атқан. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінше, тәртіп сақшысы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған.

Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары