28.06.2024, 02:30

ҰБТ-да рекорд: Ауылдың баласы бірде-бір сұраққа қателеспеген

Фото: inbusiness.kz

Бүгін Еңсебек Жаннұр 140 балл жинады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 inbusiness.kz сайтының жазуынша, Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Еңсебек Жаннұр барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады.

Осылайша ауылдың баласы жоғары балл алып, дүйім жұртты таңғалдырды.

Айта кетейік, кеше ғана жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Бір жүйіріктен екінші бір жүйірік асып, бүгін Еңсебек Жаннұр 140 балл жинап, рекордты жаңартты.