$ 472.57  508.34  5.4

«GGG жолын берсін!»: Головкин қазақ боксшысын жаттықтырып жүр

Қандай әдемі көрініс, сүйсініп қарайсың ғой батырларға.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовті жаттықтырып жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Садриддин Ахмедов Instagram желісіндегі парақшасына Геннадий Головкинмен жаттығу барысынан видео жариялады. Видеодан Геннадий жақыннан жұдырықтасудың, соққы жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп жатқанын байқауға болады. Желі қолданушылары Головкиннің осы әрекетіне ризашылығын білдіріп пікір жазды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Гена сөз жоқ нағыз батыр", "Осындай әлемдегі ең мықты боксшыдан сабақ алу, ол үлкен бақыт", "Қандай әдемі көрініс, сүйсініп қарайсың ғой батырларға. Аман болыңдар", "Жолдарың ашық болсын. Алла Тағала тілеуіңді берсін, әумин", "Көріп қуанып отырмын, осылай бірлесіп қимылдасақ біз алмайтын қамал болмайды", "Керемет! GGG жолын берсін! Осылай інілерімен баға жетпес тәжірибесімен бөліссе, Қазақстаннан әлі талай чемпиондар шығады", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсанында Алматыда өткізді. Ол Нкулулеко Мхлонгоны бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары