Облысымызда биылғы 5 айда көкжөтел 15 баладан анықталды.
Елімізде көкжөтелге байланысты жағдай тұрақсыз. Ауырған балалардың 90% 5 жасқа дейінгі балалар. Абай облысында 15 балаға осы диагноз қойылды. Ал былтырғы жылы біздің аймақта көкжөтел тіркелмеген. Ауру жұқтырғандардың барлығы екпе алмаған балалар. Ата-ананың баласына екпе салдырмауына не себеп? Көкжөтелден келер қауіп қандай? Skifnews.kz ақпарат порталы осы сауалдарға жауап іздеп көрмек.
Көкжөтел - белгілі бір бактериялар тудыратын тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруы. Көкжөтел қоздырғышы ауа тамшыларымен, әсіресе жөтелу және түшкіру арқылы таралады. Адам кез-келген жаста бұл ауруға бейім болады, оның ішінде көкжөтел инфекциясына туа біткен иммунитет дамымайды, өмірдің алғашқы күндерінен бастап науқаспен байланыста болғанда инфекцияның жұғу ықтималдығы 90% құрайды. Көбінесе 1 айдан бастап 6 айына дейінгі, жоспарлы вакцинация алмаған балалар ауруға шалдығады, ересектер арасында да көкжөтел кездеседі. Көкжөтел - бірқатар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін. Көкжөтел өмірдің алғашқы айларындағы балаларда ауыр жөтелмен, тыныс алудың тоқтауы, құрысулар, энцефалопатияның дамуымен жүреді. Көкжөтел отбасылық ошақтарда таралуымен сипатталады. Науқас адам аурудың алғашқы күндерінен бастап инфекция көзі болып табылады.Облысымызда биылғы 5 айда көкжөтел 15 баладан анықталды. Енді 3 науқастың талдамалары клиникалық- лабараторлық зерттеу үстінде. Ауырған балалардың жас ерекшелігі 1 -ге толмаған және 1-ден 5 жасқа дейінгі балалар. Дертті жұқтырғандардың барлығы екпе алмаған бүлдіршіндер.
Көкжөтел ол Bordetella pertussіs таяқшаларымен туындайтын, көбінесе балаларда кездесетін, осы себепті балалардың өмірінің алғашқы айларында бұл дерт өте қауіпті болып есептеледі сәбилер үшін. Сондықтан репризды, ұстамалы жөтелдермен, құсу және қақырықты жөтел сиптомдарымен сипатталатын бактериялық респираторлық ауру болып табылады. Жұғу жолы әрине ауа тамшылы жол, деп мәлімдеді САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ АЙНҰР СЕРІКБАЕВА.Бұл ауру әсіресе сәбилер үшін қауіпті дейді мамандар. Сондықтан ұқсас белгілер байқалса дер кезінде дәрігерге жүгінген абзал.
Егер сіздерде ОРВИ белгілері болатын болса, жөтел мазаласа баланы, температурасы субфибрильді болса да, 37-37,5 болса міндетті түрде дәрігерге хабарласы керек. Себебі 14 күнге дейін балада ОРВИ сияқты клиникалық көрініс береді. Оны ата- аналар дер кезінде ем алмағындықтан, дәрігерге жүгінбегендіктен асқынып кетеді. Сол себепті уақытылы дәрігерге көріну керек. Әрине, ең бастысы ол екпе алу, деді ПЕДИАТР ӘСЕМ ШАЛАБАЕВ.Соңғы жылдары балаларына вакцина салдыруға қарсы адамдар көбейді. Егер қоғамдағы иммунитет төмендейтін болса, аурудың өршитіні заңдылық. Елдің көптеген өңірінде көкжөтелдің көбеюі де осыған байланысты. Екпемен толық қамтылмаған балалар тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігеріне жүгіне алады. Себебі, екпе дерттің алдын алу үшін керек.
Айта кететіні қазір Республика мен облыс көлемінде көкжөтелге қарсы екпе ала алмаған балалар, кезінде медициналық қарсы көрсетілімдері болған немесе бас тарту болған немесе белгілі бір себептерсіз екпе ала алмаған балалар болса бүгінгі күнде есесін толтырушы иммундау жүргізілуде. Есесін толтырушы иммундау аясында ата- аналар ең біірнші кезекте өз баласының иммундау статусын тексеріп, көкжөтелге қарсы толық екпелері болмаған жағдайда тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға хабарласып, дәрігердің қабылдауынан кейін көкжөтелге қарсы екпе алу ұсынылады, дейді САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ АЙНҰР СЕРІКБАЕВА.Тұрақты түрде бекітілген вакциналарды салдыру баланың және қоғамның денсаулығы үшін қажет. Жаппай вакцинадан бас тартылса, ауру бас көтереді. Дәрігерлер жылдар бойы таралмай тұрған жұқпалы дерттерді вакцинаның күшімен жүгендеудің дәлелденген тәсілінен алшақтамауға, бала денсаулығына мұқият болуға шақырады.
Осы арада ата-аналардың вакцинациядан бас тартуына не себеп болып отыр дегенге кішкене тоқтала кетейік. Әрине, ата-аналар вакцинацияға қай кезден бастап күдікпен қарай бастады деген сауалға біз жауап бере алмаймыз. Бірақ, осы соңғы үш жылда вакцинациядан бас тарту оқиғалары жиілеп кеткені шындық. Себебі, Майкрософт компаниясының негізін қалаушы, «Билл және Мелинда Гейтс қорының» басшысы Билл Гейтс 2010 жылы Калифорнияда бір мәжілісте атышулы мәлімдеме жасаған болатын. Онда евгениканы (адамдардың сапалыларын сұрыптау ғылымы) қолдайтын бай «бүгінде әлемде 6,8 миллиард адам бар. Бұл 9 миллиардқа дейін өседі. Енді біз репродуктивті денсаулық сақтау және жаңа вакциналар бойынша шын мәнінде үлкен жұмыс істейтін болсақ, біз халық санын 10 немесе 15 пайызға дейін қысқарта аламыз», – деп ашық түрде жариялаған. Міне, содан бастап, бүкіл интернет құралдарында вакцинацияға қарсы, оның зиянды жақтарын жан-жақты талдаған мақалалар, ақпараттар көбейіп кеткен еді. Көзі ашық ата-аналардың жоғарыдағы мәлімдемеден кейін «шынында да мектепке дейін бір балаға 14 рет егу жасату деген не сұмдық, ол вакциналар нәрестенің иммунитетін көтерудің орнына, әлсіретіп жіберуі мүмкін ғой» деген ойларға берілгені анық. Өйткені, біз қазір қандай вакцина салса да, мыңқ ете алмайтын кеңес өкіметінде емес, тәуелсіз, демократиялық ашық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Мұнда ақпарат та көп. Сондықтан егу мәселесіне келгенде елеңдеп тұратынымыз рас.
Әрине, вакцина мәселесіне келгенде әлі бір тұрақты шешімге келе алмауымыз қынжылтарлық жай. Өйткені, оның пайдасы қандай, зияны не дегенді дәрігерлердің өздері де толық білмейді. Айтса да, жетістігін қозғап, кемістігіне тоқталмайды. Осы жай қашанға дейін созылар екен?!