$ 494.87  520.65  4.91

«Қарызға батып қиналмаса деймін»: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында үндеу жасады

Бұйыртса 13 шілде жекпе-жегім.

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасап, бәс тігу мен құмар ойындардан аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Інілер, құрметті жанкүйерлер. Бұйыртса 13 шілде жекпе-жегім. Екі бірдей чемпиондық титулды қорғаймыз. Әдеттегідей іні-бауырларды ставка тікпеуге шақырамын.

Сіздер маған қандай жанкүйер болсаңыздар, мен де сіздердің бақытты өмір сүрулеріңіздің жанкүйерімін. Шаңырақтарыңыз шайқалмағанын қалаймын. Қарызға батып қиналмаса деймін.

Құмар ойын – жамадық! Әр жамандық бақытсыздыққа бастайды. Сондай-ақ қазір әртүрлі спорттық ойындар өтіп жатыр. Жеңіл ақшаны көздеп, нәпсіге еріп берекеден айырылып қалмайықшы. Отбасыларыңыз аман болсын!», - деп жазды Әлімханұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 124
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары