Күдіктілердің қылмыс жасауға оқталғаны белгілі болды.
Қарағанды облысының қылмыстық атқару жүйесінің 18 қызметкері тұтқынды ұрып өлтірген сотталушының қылмысы үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюро-ға сілтеме жасап.
Мекемедегі бірнеше сотталушы тұтқынды өлтірді деген күдіккке ілінді. Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ мерзімге сотталғандар.
“Мекемеде арнайы комиссия тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сотталушылардың арасында жанжал болып, оның соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Салдарынан біреуі 20 жуық жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды”, – делінген хабарламада.
Тұтқындарға қатысты тергеу әлі жалғасуда. Болған жағдайға байланысты колония қызметкерлері мен облыстық департамент басшылығы тәртіптік жазаға тартылды. Жанжал бастаған сотталушы 2032 жылы бостандыққа шығу керек еді. Алайда енді оның қамауда болу мерзімі 2047 жылға дейін ұзаруы мүмкін.
Күдіктілердің қылмыс жасауға оқталғаны белгілі болды. Олардың әрекеті бейнекамерға түсіп қалған. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.
“Күдіктілер қылмыс жасағандарын жоққа шығармайды. Болған жағдай үшін 18 лауазымды тұлға, оның ішінде мен де бармын, тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – дейді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Шәкіров.
Айта кетейік, биыл 24 ақпанда Қарағанды кентіндегі қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеушілер камераласын аяусыз соққыға жығып, өлтірді.