29.06.2024, 18:30

Астанада сауда контейнерлері өртенді (ВИДЕО)

Фото:ТЖМ

Зардап шеккендер жоқ.

Астаналық өрт сөндірушілер контейнерлердегі отты сөндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Сарыарқа ауданында сауда-кеңсе орталығының аумағында 40 тонналық металл контейнердің ішіндегі автокөліктің қосалқы бөлшектері жанды.

“ТЖМ күштері жалынды толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ”, – деп толықтырды ведомство.