$ 471.46  504.79  5.53

Бүгін Алматыда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны жерлеу рәсімі өтті

Германияда өлі табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылған болатын.

Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағаты
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағаты

Бүгін Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны Алматыда жер қойнына тапсырды. Бұл туралы агенттік тілшісіне марқұм Айгүлдің ағасы Жанат Сайлыбаев хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетейік, зорлықпен өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын.

Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Германияда жоғалды делінген Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өлі табылғанын растады.

Артынша неміс полициясы ҚР азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты түсінік берген еді. 

Германияда өлі табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 30

Серіктес жаңалықтары