30.06.2024, 22:30

Павлодар облысында өз басына оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

Фото: kerek_pv

Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырған.

Павлодар облысы Ертіс ауданындағы кіші сержант есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер Романды аман алып қала алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2002 жылы туған жас жігіт үйге түскі асқа келіп, қызметтік қарумен өз басына оқ атқан.

Бұған дейін ол өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырған. Полиция тергеуді бастады.

Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.