$ 495.2  522.34  4.94

Белгілі журналист әйел мен еркектің теңдігі үшін көшеде кеудесін жалаңаштап жүрген

Егер ер адамдар мына қоғамның көзқарасынан қорықпай жейдесіз жүре алса, әйелдер де солай істеуі керек.

Фото: dailymail.co.uk
Фото: dailymail.co.uk

Канадалық журналист өзін гендерлік теңдік үшін күресетін эксгибиционист деп атады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды. 

36 жастағы жаңалықтар жүргізушісі Эйла Адамс бір ай бойы АҚШ-та болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына сапар барысында қоғамдық орындарда кеудесін жалаңаштап жүргенін түсірген фотосуреттерін жүктеді. 

Адамс осылайша көшеде үстіңгі киімсіз жүруді қалыпты нәрсе ретінде түсіндіргісі келеді. Айтуынша, бұл адамның табиғи жағдайы. Ол жалаңаш денелерге деген теріс көзқарасты түсінбейтінін жеткізді.

"Егер ер адамдар мына қоғамның көзқарасынан қорықпай жейдесіз жүре алса, әйелдер де солай істеуі керек", – деді.

Адамстың айтуынша, оның жалаңаш жүргеніне оң көзқарас білдіргендер де болған. 

"Егер біреуге ұнамаса, қарамасын", – деді әйел.

Сондай-ақ журналист ыңғайсыз сәттерге де тап болғанын жеткізді.

“Лифтте шешінген кезде қолайсыздыққа тап болдым. Аяғымды көтеріп, қабырғаға сүйенейін деп жатқанда, лифтке бір адам кіріп келді. Сол сәтте қатты ұялдым”, – дейді Адамс.

Журналист, енді өзіне ешбір қоғамдық орында шешінуге рұқсат бермейтінін баса айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары