$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындайтын сараптама енгізіледі

Психологиялық ауытқушылығы бар-жоғы, педофилияға бейімдігі айқындалады.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли брифингте Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындайтын сараптама енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елімізде сот-сараптамасының "Сот-сексологиялық сараптама" деген жаңа түрі енгізілетін болады. Халықаралық тәжірибені ескерсек, соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуы байқалады. Осыған орай Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі "Сот-сексологиялық сараптаманы" енгізу жұмыстарын бастады. Бұл күдікке ілінген азаматқа құқық қорғау органдарының өтініші бойынша жүргізіледі. Сараптама кезінде ол азаматтың психологиялық портреті қалыптастырылады – оған түрлі сұрақтар қойылады, қандай да бір психологиялық ауытқушылығы бар-жоғы, педофилияға бейімдігі айқындалады. Ондай белгілер анықталған жағдайда соттың шешімімен оған химиялық кастрация жасау керек пе деген көрсеткішті де анықтайды, - деді Талғат Уәли.

Аталған сараптама түрі нақты қашан енгізілетіні әлі белгісіз.

Сол үшін біздегі Сот-сараптамалық орталықтың Астана қаласы бойынша филиалының 3 қызметкері Беларусьта курстан өтіп келді. Қазір осы сараптаманың толыққанды әдістемесін әзірлеп жатырмыз. Яғни, бұл сараптама біздің көрші елдерде бар. Бұған дейін ондай қызмет бізде жоқ болатын. Нақты қашан енгізілетіні әзірге белгісіз. Әдістеме толық жазылып біткеннен кейін қосымша хабарлаймыз. Жалпы жыл аяғына дейін енгізу жоспарда бар, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары