$ 494.87  520.65  4.91

«Қатты сағындым»: Қазақ қызы Азия чемпионатындағы жеңісін марқұм әкесіне арнады

Спортшы қыз ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы, полиция майоры.

Фото: instagram.com/seitimova_anara
Фото: instagram.com/seitimova_anara

Қытайдың Макао қаласында өткен самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында қазақстандық Анар Сейтімова алтын медаль иегері атанды. Ол бұл жолғы жеңісін марқұм әкесіне арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Анар Сейтімова жауынгерлік самбодан +80 кг салмақта бақ сынап, бірінші орынға  ие болды.

«Әке, осы алтын медальді сізге арнаймын! Жатқан жеріңіз жайлы болсын. Сізді өте жақсы көремін, қатты сағындым әке», - деп жазды Сейтімова әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Анар Сейтімова – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы, полиция майоры. Ол жауынгерлік самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында осымен екінші рет жеңімпаз атанып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 43
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары