$ 476.27  515.47  5.41

EURO-2024: Португалия Словенияны жеңді (ВИДЕО)

Құрлықтық дода 14 шілдеде мәресіне жетеді.

Фото: UA-FOOTBALL
Фото: UA-FOOTBALL

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 1/8 финалда  Португалия Словенияны жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу алдында жанкүйерлер Криштиану Роналду секілді жұлдыздар Словенияны оп-оңай жеңеді деп болжам жасады.

Алғашқы минуттан португалиялық футболшылар алға шығуға тырысты. Оларға словениялық құрама лайықты тосқауыл қоя білді. 

Екінші кезеңде де жеңімпаз анықталмады. Қосымша кезеңде гол соғылған жоқ. Осылайша 0:0 есебі тіркелді. Пенальти тебуден Португалияның жолы болды. Енді олар 5 шілдеде ширек финалда Франциямен кездеседі.

Ал 2 шілдеде 1/8 финалда Румыния мен Нидерланд, Австрия мен Түркия бақ сынайды.

Сонымен, бұл жолы құрлықтық дода 14 шілдеде мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары